Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Бүгінгі тағайындаулар Президенттің экономикалық мәселелерге көңіл бөлгенін көрсетті – сарапшы

2019 жылғы 22 шілде 16:18 256
Бөлісіңіз:
Бүгінгі тағайындаулар Президенттің экономикалық мәселелерге көңіл бөлгенін көрсетті – сарапшы

НҰР-СҰЛТТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институты Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері Бекжан Садықов Президенттің бүгінгі кадрлық ауыс-түйісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қытайда қазақстандық ғалымның кітабы жарыққа шықты Астаналық ғалымдар Абай ізімен экспедицияға шықты Нұр-Сұлтан Орталық Азияда бірінші болып Гарвард конференциясын өткізеді

«Президенттің мемлекеттік басқару жүйесіндегі кадрлық механизмді бірізді өзгертуі идеологиялық сфераның маңызды бағыттарын әкімшілендіруді күшейтуге бағытталған. Қазақстанның қазіргі технологиялық және экономикалық жағдайы сарапталған, жүйелі әрі практикалық тәсілді талап етеді. Тимур Сүлейменовтің ҚР президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалуы экономикалық желі бойынша жұмыстарды жеделдетуді білдіреді. Тимур Мұратұлының құзыреті экономикалық күн тәртібіндегі нақты міндеттерді кешенді шешуге ықпал етеді», - дейді сарапшы.

Оның айтуынша, қазіргі маңызды стратегиялық міндеттердің бірі – ел экономикасының нақты секторындағы сандық сипаттамалар мен өңірлердегі құрылымдық экономикалық өзгерістердің нәтижелілігін көтеру. Құлсейітов Айдын Жеңісұлының Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі атануы Президенттің осы мәселеге баса мән бергенін білдіреді.

«Бұл мәселелерді шешу экономиканың бәсекеге қабілеттілігін және қазақстандықтардың өмір сапасын көтеруді қамтамасыз етеді. Қазақстанның мемлекеттік басқару тәжірибесінде алғаш рет Стратегиялық жоспарлау бөлімін ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары тікелей бақылауына алынады. Жалпы алғанда, қос тағайындау да ұлттық экономиканы құрылымдық жаңғырту үшін және оның дамуына серпін беру үшін мемлекеттік басқару жүйесінде «кадрлық синергия» құруға бағытталған», - деді Бекжан Садықов.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы бүгін бірқатар ауыс-түйістер жасады. Президент Жарлығымен Аида Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

ҚР Президентінің көмекшісі болған Тимур Сүлейменов ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне ауыстырылды.

Ал «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығын басқарған Талғат Қалиев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы атанды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Тағайындау, Ғылым,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT