Бүгінгі сайлау жастардың ақыл-парасатының өскенін көрсетеді - Ескендір Хасанғалиев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Ұлттық кітапханада №254 учаскеде ҚР халық әртісі Ескендір Хасанғалиев дауыс берді.

Әнші дауыс беру процесіне өзінің жарымен бірге қатысты.

«Мен сайлауға жас кезімнен қатысып келемін. Әдетте біз түгел отбасымызбен дауыс береміз. Біздің басты міндетіміз - Мемлекет басшысының барлық бастамасына қолдау көрсету. Бұл сайлау халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда үлкен рөл ойнайды. Осы жауапкершілікті сезініп келе жатқан жастарымыздың көбіне қуаныштымын. Бұл жастардың сана сезімінің, ақыл-парасатының өскенін білдіреді. Мен Қазақстанның болашағына сенемін», - деді Е.Хасанғалиев.

Халық әртісі сайлау учаскесіндегі дауыс беру процесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына атап өтті.

Соңғы жаңалықтар