Бүгінгі сайлау болашақ әкімдерді халыққа бір табан жақындатады - қоғам белсендісі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін сайлауға түсіп жатқан үміткерлер сайлауалды бағдарламаларын дайындау арқылы жергілікті проблемалардың себебіне үңіліп, халықтың жағдайымен етене танысты.

«Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестінің Қостанай облыстық филиалының өңірлік капитаны, «Ел ертеңі» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болат Қалиев осы жайттың өзін әкім сайлауының жағымды тұсы деп есептейді.

«Бұл сайлау – еліміздің демократиялық даму тұрғысынан қарағанда өте маңызды қадам. Өйткені бұл жерде үш маңызды бағыт бар. Бірінші маңыздылығы – әкімдер сайлау алдындағы бағдарламасы арқылы халыққа бір табан жақындады. Халықтың мүддесін қорғау бағытында бүкіл проблемаларды зерттеп, соның негізінде өздерінің бағдарламаларын құрды», - дейді сарапшы.

Бейтарап бақылаушылар өкілі өтіп жатқан сайлаудың арқасында халық өз даусының, сайлау процесінің маңыздылығын тағы бір рет ұғынуға мүмкіндік алды деп отыр.

«Үшінші маңыздылығы байқаушылармен байланысты. Азаматтық тұрғыдан белсенді байқаушыларымыз жай ғана байқау процесіне қатысып қоймай, өздерінің кәсіби шеберліктерін шыңдап, заңнама тұрғысынан өздерін дамытуда. Сондықтан бұл сайлау процесі еліміз үшін өте маңызды. Бүгінгі сайлау процесіне 65 сайлау округінде «Партиялық емес байқау орталығының» Қостанай облыстық филианынан 400-ге жуық байқаушы қатысып жатыр. Осы орталық атынан сайлаудың әділ әрі ашық өтуіне өз үлесімізді қосып жатырмыз», - деді Болат Қалиев.


Соңғы жаңалықтар