Бүгінгі референдумнан күтерім көп – әнші Айдар Тұрғанбек
2022 жылғы 5 маусым 16:26

Бүгінгі референдумнан күтерім көп – әнші Айдар Тұрғанбек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандық танымал әнші Айдар Тұрғанбек елдегі саяси науқаннан тыс қалмай, дауыс беруді жөн көреді. Сондықтан да Алматыда тіркелген №208 референдум учаскесіне келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа Қазақстан, әділетті Қазақстан құрамыз» дейміз. Ол үшін белсенді болу керек. Бүгінгі референдумға қатысудың өзі соның бір көрінісі, бастамасы деп ойлаймын. Референдумнан соң оның жақсы нәтижесін көрсек деген тілегім бар. Жалпы, менің Қазақстан азаматы ретінде бүгінгі референдумнан күтерім көп», - деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның халық әртісі, композитор, әнші, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Алтынбек Қоразбаев Алматыдағы №211 референдум учаскесіне дауыс беруге келді.

Ал, үйден дауыс беретіндерге референдум комиссия мүшелері шыққанын хабарлаған едік.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT