Бүгінгі Қазақстан-Беларусь футбол матчына жанкүйерлерді арнайы автобустар тасымалдайды
2022 жылғы 22 қыркүйек 17:01

Бүгінгі Қазақстан-Беларусь футбол матчына жанкүйерлерді арнайы автобустар тасымалдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 қыркүйекте Қазақстан мен Беларусь құрамаларының футбол матчына арнайы Shuttle-Bus ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін, 22 қыркүйекте елордадағы «Астана Арена» стадионында Қазақстан мен Беларусь құрамаларының футбол матчы өтеді.

Осыған байланысты CTS компаниясы арнайы Shuttle-Bus бағдарларын (№№801-804) ұйымдастырады.

Матч сағат 20:00-де басталып, 22:00 кезінде аяқталады.

Көрермендерге ыңғайлы болу үшін бағдарлар қаланың келесі 4 нүктесінен жолға шығады:

- «Бал бала» бақшасы аялдамасы (№ 167 к-сі.)

- «Көктем» СҮ (Бөгенбай батыр даңғылы, 34);

- «Аружан» СОО (Жансүгіров к-сі, 8/1);

- «Строймарт» Г/М (Қошқарбаев даңғылы мен Құдайбердіұлы көшесінің қиылысы).

Бағдарлардың шығу уақыты – 18:00 сағ.

Бағдарлардың жүру сызбасын мына сілтемеден көруге болады.

Сонымен қатар, іс-шара аяқталғаннан кейін қосымша қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлар: №№ 10, 12, 26, 28, 37, 40, 51, 53, 60 және 303 қызметі ұйымдастырылады.

Жолаушылар «Астана-Арена» стадионында отырғызылып, түсіріледі.

Естеріңізге сала кетейік, жол жүру құны - 90 теңге.


Фото: instagram.com/cts_kz



Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT