Бүгінде 6 құрылыс компаниясының басшыларына қатысты қылмыстық істер сотта қаралуда - Қаржы полициясы

None
None
АСТАНА. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгінде 6 құрылыс компаниясының басшыларына қатысты қылмыстық істер сотта қаралуда.

 Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы қаласында «Астаналық  жылжымайтын  мүлік» ЖШС басшылары сотқа тапсырылды. Олар 688 азаматтың 3 млрд. 800 млн. теңге ақшалай қаржысын талан-таражға салған. Залалдың орнын толтыру мақсатында құны 6 млрд. 600 млн.теңгенің мүлкіне пайдалануға тыйым салынған. Аталмыш іс бойынша 3 айыпты қамауда, ал 5-еуі ешқайда шықпау туралы қолхат берді», деді ресми өкіл.

Оның сөзіне қарағанда, осы қалада «АрнайыБолатЖабдықтау» ЖШС басшылары сотқа тапсырылды. Олар 56 үлескердің 532 млн. теңгесін мақсаттан тыс пайдаланған. Айыптаушылардың құны 1 млрд. 200 млн.теңге мүлкіне пайдалануға тыйым салынған.

Соңғы жаңалықтар