Бүгін Жакартада бокс додасы басталды

None
None
ЖАКАРТА. ҚазАқпарат - Бүгін Жакартада бокстан жекпе-жектері басталды. Олар 1 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азия бокс конфедерациясына сілтеме жасап.

Спорттың аталмыш түрі Азия ойындарының 1954 жылы өткізілген екінші ойындардың кезінде енгізілді.

«Азия ойындары әр Олимпиада кезеңінің ортасында өтетін құрлықтың басты спорттық додасы. Бұл боксшылар, бапкерлер мен төрешілер үшін, жалпы, барлығымыз үшін олимпиадалар арасындағы өзгеше емтихан десек болады», - деді Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының вице-президенті Серік Қонақбаев.
null 

Сондай-ақ, Азия бокс конфедерациясының басшысы Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарының ұйымдастырылу деңгейін жоғары деп бағалады.

Индонезия Жазғы Азия ойындарын екінші рет қабылдап отыр. Аталмыш ойындар алғаш рет дәл осы жерде 1962 жылы өткізілген еді. 

null 

Соңғы жаңалықтар