Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.43 EUR 432.47
RUB 6.12 CNY 55.78
Jańalyqtar

Бүгін Витебскіде «Славян базары» байқауы ашылады

2019 жылғы 11 шілде 16:17 392
Бөлісіңіз:
Бүгін Витебскіде «Славян базары» байқауы ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Славян базары» XXVIII Халықаралық  өнер фестивалі салтанатты түрде бүгін Жазғы амфитеатрда ашылады, деп хабарлайды БЕЛТА.

Форумның ашылуында халықаралық фестиваль-байқауға қатысушылар дабылшылармен бірге Бостандық алаңынан Жеңіс алаңына дейін жүріп өтеді. Түсте байқау басталады. Сондай-ақ, Жазғы амфитеатр маңында Лауреаттар алаңында жаңа жұлдыз жағылады - мұнда Беларусь Республикасының Президентінің арнайы марапаты Таисия Повалийге табыс етіледі. Әрі қарай «Витебск-2018» XVII халықаралық балалар музыкалық конкурсының марапаттау рәсіміне жалғасады.

Кешке Бас жүлде иегері Жазғы амфитеатр сахнасына шығып, өз өнерін көрсетеді. Сондай-ақ, бағдарламаға танымал әртістер мен жаңа есімдер қатысады: Валерий Леонтьев, Тамара Гвердцители, Стас Михайлов, Варвара, Татьяна Буланова, Александр Панайотов; Анатолий Ярмоленко мен "Сябры" ансамблі, Ядвига Поплавская, Руслан Алехно, «Песняры» ансамблі, Беларусь Президенті оркестрі, Алессандро Сафина, Таисия Повалий, Боссон және басқалар.

«Славян базары» XXVIII Халықаралық  өнер фестивалі 11-15 маусым аралығында өтеді. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, Әлем, Өнер,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Мухамедиярова Жанара
Мухамедиярова Жанара
954-059

MURAǴAT