Бүгін - Ұлттық валюта - теңге күні, ҚР қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

None
None
АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін - Ұлттық валюта - теңге күні және ҚР қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі.

Төл валютамыздың алғаш пайда болуы, өзгеруі және түрленуі тарихына көз жүгіртетін болсақ: 

  • 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды.
  • 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді.
  • Теңге Ұлыбританияда басылып шықты.
  • 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.
  • 1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді.
  • Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды.
  • Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді.
  • Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.
  • 1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2,5,10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты.
  • Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Қазір банкнот -  Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета - Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.
  • Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.
  • 2006 жылы 15 қарашада жаңа үлгідегі банкноттар айналысқа енгізілді.
Соңғы жаңалықтар