+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Бүгін - Ұлттық домбыра күні

2020 жылғы 5 шілде 07:30
Бөлісіңіз:
Бүгін - Ұлттық домбыра күні

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елімізде Ұлттық домбыра күні. Жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісіне дөп келетін, ұлттық аспабымызды ұлықтауға арналған бұл мереке ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 2018 жылдан бері елімізде кеңінен аталып өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Есте болса, 2018 жылдың 13 маусымында қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында шілденің бірінші жексенбісін Ұлттық домбыра күні ретінде белгілеу туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы жарық көрді. Сол жылы шілдедегі алғашқы жексенбі 1-і күніне дөп келіп, сол күні елорданың «Қазақ Елі» монументі алдындағы алаңға жиналған 2 мыңнан астам музыканттан құралған домбырашылар оркестрі «Көңіл ашар», «Адай», «Балбырауын», «Ерке сылқым», «Сарыарқа» күйлерін орындаған еді.

Бұл көріністі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та арнайы келіп тамашалап, барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтаған еді.

«Халқымыз домбыраға үкі тағып, төріне ілген. Күйшілерді төредей күтіп, төбесіне көтерген. Осы игі үрдіс қазір де жалғасып келеді. Бүгін «Қазақ Елі» алаңына жиналған мыңдаған күйші осының айқын көрінісі. Рухани жаңғыруға бет бұрған халқымыз қасиетті домбыра мен құдіретті күйді қазақ қаншалықты қадірлейтінін бүкіл елімізге, барша әлемге паш етіп отырмыз. Осы жерде күмбірлеген күйлер біздің бірегейлігіміз бен рухани тұтастығымызды білдіреді. Ылайым әр уақытта елімізге Жаратқан бірлік берсін. Бүгінгі шара өскелең ұрпақтың қасиетті домбыраға, ұлттық өнерге деген құлшынысын арттыра түседі деп білемін. Ұлттық домбыра күні баршамызға құтты болсын!», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президенті шара барысында ең жас қатысушыға өз қолымен домбыра тарту еткені есте.

Ал өткен жылы шілденің алғашқы жексенбісі 7-сі күніне тұспа келді. Бұл күні де елордадағы Қазақ елі монументінің алдындағы алаң үлкен сахнаға айналып, домбырашылар бір мезетте домбыра шанағанын «Сарыарқа», «Адай», «Әлқисса», «Көңіл толқыны», «Балбырауын» және «Көреғұлы» күйлерін төгілтті.

Мерекелік концертті тамашалаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтары құттықтай келе:

«Домбыра - бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін теңдесі жоқ мәдени мұра. Ұлттық руханиятымызды дәріптейтін мереке домбыраның мәртебесін биікке көтере берсін! Баршаңызға рахмет, аман болыңыздар, құрметті ағайын!», - деген болатын.

Биыл да Ұлттық домбыра күні елімізде кеңінен аталып өтуі тиіс болатын. Алайда әлемде, оның ішінде елімізде де жайлаған коронавирус індеті барлық жоспарланған іс-шараларды өткізуге мүмкіндік бермеді.

Дегенмен, соған қарамастан ұлттық аспабымызға деген құрмет төмендемек емес.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT