Бүгін UEFA Чемпиондар лигасының финалы болады

None
Фото: wallpaper.mob.org
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маусымның 10-нан 11-не қараған түні футболдан UEFA Чемпиондар лигасының финалы өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл күні «Манчестер Сити» (Англия) мен «Интер» (Италия) кездеседі.

Ойын елорда уақытымен 00:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Кездесуде польшалық Шимон Марциняк бас төреші қызметін атқарады.

Оған отандастары Павел Сокольницки мен Томаш Листкевич көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші - румыниялық Иштван Ковач.

Екі команда бұған дейін 2011 жылы жолдастық кездесу өткізген еді. Бұл ойында «Интер» 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Қазірге дейін аталған жарыстың топтық кезеңінде «Манчестер Сити» А тобында Германияның «Боруссия Дортмунд» (2:1, 0:0), Испанияның «Севилья» (4:0, 3:1), Данияның «Копенгаген» (5:0, 0:0) командаларымен кездесті.

Одан кейін Германияның «Лейпциг» (7:0, 1:1),«Бавария» (3:0, 1:1), Испанияның «Реал Мадрид» (1:1, 4:0) командаларын қапы қалдырып кетті.

Ал «Инетр» топтық кезеңде С тобында Германияның «Бавария» (0:2, 0:2), Испанияның «Барселона» (1:0, 3:3), Чехияның «Виктория Пльзень» (2:0, 4:0) клубтарымен сынға түсті.

Одан кейін Португалияның «Порту» (1:0, 0:0), «Бенфика» (2:0, 3:3), Италияның «Милан» (2:0, 1:0) клубтарынан басым түсті.

Айта кетсек, бұдан бұрын испаниялық «Севилья» UEFA Еуропа лигасында жеңімпаз атанған еді.

Сондай-ақ, «Вест Хэм Юнайтед» футболдан UEFA Конференция лигасында үздік болды.


Соңғы жаңалықтар