Бүгін ТЖ министрі су тасқыны жай-күйімен танысу мақсатында Шығыс Қазақстанда сапарда болады

None
None
АСТАНА. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат - Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко бастаған ҚР ТЖМ-нің жедел штабы Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жай-күйімен, апаттық құтқаруды өткізумен және басқа да шұғыл жұмыстармен танысу мақсатында өңірде болады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіннен.

Қазіргі уақытта Алматы облысының Ақсу ауданында орналасқан күштер мен құралдар, атап айтқанда, №68303 әскери бөлім (12 адам, 5 техника), «ҚР ТЖМ Апаттқ медицина орталығы» филиалы (6 адам, 2 техника), Республикалық жедел құтқару жасағы (16 адам, 4 техника), №28237 әскери бөлім (200 адам, 35 техника) еліміздің шығыс өңіріне шоғырландырылды.

«Олар Шығыс Қазақстан обылсында су тасқыны туындау қаупіне байланысты апаттық құтқару жұмыстарын орындап, превентивті шараларды жүргізуге атсалысады», делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар