+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Бүгін Түркістанда ХІ жазғы универсиада ойындары басталады

2021 жылғы 15 мамыр 09:38
Бөлісіңіз:
Бүгін Түркістанда ХІ жазғы универсиада ойындары басталады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан қаласында «Түркістан-Арена» стадионында XI-ші жазғы Универсиаданың ойындарының ресми ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық палуандар Түркияда грек-рим күресінен 3 медаль жеңіп алды Александр Винокуров Олимпиада күніне арналған велошеруді бастады Ауыр салмақтағы нокаутер Иван Дычконың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Айтулы шара ел Тәуелсіздігінің және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

Сондай-ақ, «Түркістан - түркі әлемінің рухани астанасы» атанып, аталған спорт шарасы облыс орталығында алғаш рет өтіп отыр.

Бұл туралы брифингте Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова мәлімдеді.

«ХІ жазғы Универсиада - спорттың 30 түрінен еліміздің әр түкпірінен мықтыларды біріктірген ауқымды спорттық-бұқаралық жоба. Универсиада аясындағы жарыстар Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Тараз, Қостанай, Өскемен қалаларында өтіп жатыр. Қазіргі таңда 20 университеттің студенттері өзара сайысқа түсуде. Айта кететін жайт, Түркістан қаласындағы XI жазғы универсиаданың ресми ашылу салтанатында еліміздің 20 жоғары оқу орындарынан құралған арнайы шеру, сахналық көріністер, флешмоб өтетін болады. Аталған спорт шарасы Turkistan телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі», - деді Жанар Амангелдіқызы.

Сондай-ақ, брифингке қатысқан ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» бас директоры Тастанбек Есентаев пен халықаралық дәрежедегі төреші, профессор Әбдісадық Халилаев жарысқа қатысып жатқан командалардың дайындығы өте жоғары екенін атап өтті.

Универсиада ойындары кезінде барлық карантин талаптары сақталады.

Спортшылар ПТР тест арқылы қабылданып, жарыстарға жіберіліп жатыр.

Биылғы жеңімпаздар 2022 жылы Қытайда өтетін Дүниежүзілік жазғы универсиадаға Қазақстан құрама командасы сапында ел намысын қорғайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT