Бүгін Түркістан мен Алматы облыстарының таулы аймақтарында жаңбыр жауады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 5 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Республикамыздың басым бөлігі әлі де циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлікдердің ықпалында болады, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашын, оңтүстікте кей уақыттарда қатты жаңбыр (қар) жауып, желдің күшеюі, көктайғақ, тұман күтіледі», - деп жазды синоптиктер.

Түркістан облысының таулы аймақтарында, күндіз Алматы облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Соңғы жаңалықтар