+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Бүгін түнде Петропавлда 9 блок бекет жұмысын бастайды

2020 жылғы 31 наурыз 22:18
Бөлісіңіз:
Бүгін түнде Петропавлда 9 блок бекет жұмысын бастайды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында түнгі сағат 00.00-ден бастап 9 блок бекет жұмысын бастайды. Петропавл қаласының аумағында шектеу шаралары енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 сәуірден бастап облыс орталығынан аудандарға жолаушылар тасымалдаудың барлық түрлеріне тыйым салынды. Көлік санын азайту үшін облыс орталығына кіріп-шығу шектеледі.

«Бекеттерде құжаттар тексеріліп, қалаға келу немесе одан кету себептері анықталады. Осыған байланысты себепсіз қалаға кірмеуге не болмаса шықпауға кеңес береміз. Азаматтар жеке бастарын куәландыратын құжаттарын өздерімен бірге алып жүруге міндетті», - дейді СҚО полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев.

Блок-бекеттерде полицейлермен бірге ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің мамандары кезекшілік атқарады. Түнгі уақытта Петропавл қаласына кіріп-шығуға тек қажетті тауарларды, азық-түлікті, дәрі-дәрмекті, медициналық бұйымдарды, жеке гигиена заттарын тасымалдайтын көлік құралдары мен транзиттік көліктерге ғана рұқсат етіледі.

Полицейлер елдегі төтенше жағдайға орай ерекше режимде жұмыс істеп, коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күреске бағытталған іс-шараларға тікелей қатысады. Тәртіп сақшылары тұрғындардың үй карантинін сақтауын бақылап, науқас адамдармен қарым-қатынас жасаған адамдарды және бірінші санаттағы елдерден келгендерді іздестірумен, сондай-ақ провизорлық және карантиндік стационарға орналастырылғандарды күзетумен айналысады. Қала аумағын және қауіпті індет ошақтары шегіндегі тұрғын үйлерді күзету де полицейлерге жүктелген.

Елді мекендерде тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында күн сайын облыс бойынша 400-ден астам полицей кезекшілікке шығады. 127 бағыт бар, оның 68-і автопатруль, 59-ы патрульдеудің жаяу бағыты.

19-31 наурыз аралығында өткізілген рейд нәтижесі бойынша төтенше жағдай режимін бұзудың 41 дерегі тіркелді. Мамандандырылған әкімшілік сот 32 мекеменің иесін жауапкершілікке тартты. Олардың 22-сі қамауға алынды, 10-на айыппұл салынды. Қалған материалдар соттың қарауында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT