Бүгін түнде «Байқоңырдан» тағы бір ғарыш кемесі ұшырылады

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Роскосмос «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз МС-06» көліктік басқарылатын кеменің ұшырылымына үш сағат қалғанда  өзінің www.roscosmos.ru   сайтында онлайн-трансляцияны бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.



Экипаждың ұшырылым алдындағы алты сағатының әрбір минуты кестеленіп қойған.

Жергілікті уақытпен сағат 00:20-да МКС 53/54 экипажының құрамындағы Мисуркин, Ванде Хай және Акаба Монтажды-сынақ корпусының алаңына шығып, ұшырылымға дайындықтары жөнінде мемлекеттік комиссия төрағасына баяндайтын болады.

Кеменің ұшырылымын тамашалау үшін көптеген қонақтар, тілшілер, соның ішінде қазақстандық БАҚ өкілдері жиналды.



Онлайн-трансляция МКС 53/54 экипажын кемеге отырғызу сәтінен басталады. «Союз МС-06» көліктік басқарылатын кеменің ресейлік-америкалық экипажы Халықаралық ғарыш стансасында 167 тәулік болады. Егер барлығы штаттық режімде өтсе, онда Роскосмос ғарышкері Александра Мисуркин,  бортинженерлер, НАСА ғарышкерлері  Марк Ванде Хай және Джозеф Акаба үш сағаттан кейін Халықаралық ғарыш стансасына жетуі тиіс.

«Союз МС-06» кемесінің Байқоңырдан ұшырылымы 13 қыркүйек күні Астана уақытымен 03 ағат 17 минутқа белгіленген.

 

Соңғы жаңалықтар