Бүгін толған Айдың Жерге барынша жақындағанын көруге болады

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Бүгін, 13 шілдеде адамдар толған Айдың Жерге барынша жақын орналасу сәтін бақылай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Мәскеу планетарийінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 13 шілдеде Ай өз орбитасының Жерге ең жақын нүктесінде болады. Планета мен спутник арасындағы қашықтық – 357 263 км болады, ал 9,5 сағаттан кейін Ай толады.

«13 шілдеде толық Ай көкжиектен сағат 21-ден кейін пайда болады және түн ортасы шамасында оңтүстік көкжиектен ең жоғары биіктіке көтеріледі. Түні бойы Күн шыққанға дейін Ай Мерген шоқжұлдызында жарқырайды», - деп хабарлады ТАСС агенттігіне планетарий.

Аспан ашық болса, толған Аймен бірге екі планета – Сатурн мен Юпитерді де көре аласыз.


Соңғы жаңалықтар