Бүгін Токиода Паралимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді

None
None
ТОКИО. Kyodo-ҚазАқпарат – Бүгін, кешке Токиода Паралимпиада ойындары аяқталады. Коронавирусқа байланысты көптеген мәселелер туындағандығына қарамастан жарыс сәтті өтті, деп хабарлайды, ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

8 тамызда аяқталған Олимпиада ойындарындағыдай, жабылу салтанаты бос орындар алдында өтеді, оған тек белгілі бір шенеуніктер мен жоғары лауазымды тұлғалар, соның ішінде Жапонияның мұрагер ханзадасы Фумихито және Токио губернаторы Юрико Койке қатысады.

Паралимпиада ойындарына 162 ел мен аймақтан 4400-ге жуық спортшы, сондай-ақ босқындардың шағын тобы қатысты.

Жабылу салтанатында Паралимпиада жалауы Франция астанасындағы 2024 жылғы Жазғы ойындардың өкілі ретінде Париж мэрі Анна Идальгоға сыйымдылығы 68000 адамдық бас стадиондағы қазандық өшірілместен бұрын табысталады.

«Менің ойымша, бұл ойындар сенсациялық жарыс болды. Бәсеке керемет болды, кез келген мүмкін болатын спорт түрінен әлемдік рекордтар жаңартылды», - деді Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонс жабылу салтанаты басталмастан бірнеше сағат бұрын өткен баспасөз мәслихатында.

Паралимпиада ойындарында 22 спорт түрінен 539 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Жарысқа алғаш рет таэквондо мен бадминтон қосылды.


Соңғы жаңалықтар