Бүгін Тәуелсіздік сарайында Сәрсенбай Әлиевтің көрмесі ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Конституция күні қарсаңында елордадағы «Тәуелсіздік сарайында» Әлиев Сәрсенбай Сәлменұлының «Туған жерім» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

Сәрсенбай Әлиев 1954 жылы 22 наурызда Атырау облысы Теңіз ауданында дүниеге келген.

1978 жылы Алматы көркемсурет училищесінде сызу және сурет пәнінің мұғалімі мамандығын алды.1986 жылы Т.Жүргенов атындағы «Театр және көркемсурет» академиясын сахна безендіру және технолог мамандығы бойынша бітірді. 2005 жылы қазан айында О.Таңсықбаев атындағы қолданбалы қолөнер колледжінде, Қыздар педагогика институтында «кәсіптік оқыту және еңбек» кафедрасының оқытушы қызметінде арнайы курс пәндерінен дәрістер мен практикалық сабақтар өткізеді. 1990 жылдан бастап Журналистер Одағының мүшесі. «Қазақ совет энциклопедиясында», «Шаңырақ», «Ақмола», «Негеш» энциклопедияларының көркемдеуші ғылыми редакторы болған.1987 жылдан бастап республикалық және халықаралық көрмелерге қатысқан.

2001 жылы Атырау облыстық мұражайында суретшінің жеке көрмесі ашылды. 2004 жылы Ғалымдар үйінде «Ұлар» галлереясында көрмесі өтті. 2007 жылдан Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі. 2008 жылы «Дала әуендері» деген атпен көрме-аукционға қатысты.

С.Әлиев 2013 жылы 12 желтоқсанында «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. 2013 жылы Ресей Федерациясының Ор қаласында өткен бейнелеу өнерінің авторлық шығармашылық жұмыстарының VI халқаралық фестиваль-конкурсына шығармашылық жұмыстарымен қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Көрме бүгін, 26 тамызда сағат 17.00-де ашылады.

Соңғы жаңалықтар