Бүгін Ташкентте қазақстандық үш боксшы чемпиондық атақ үшін рингке шығады

None
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ташкент қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін үш қазақстандық спортшы финалда өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана уақытымен сағат 18.00-де басталатын бокс кешінде алдымен 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Ойбек Джураевпен жұдырықтасады.

Төртінші жекпе-жекте ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг) тағы бір өзбекстандық Саиджамшид Джафаровпен рингке шығады.

Бұл күні 80 келіге дейінгі салмақта өтетін бәсеке қызықты болмақ. Онда Нұрбек Оралбай Қытай атынан шығатын қазақ жігіті Тоқтарбек Таңатханмен қолғап түйістіреді. Қай жеңгені чемпион атанады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Санжар Тәшкенбайдың Ташкентте бокстан әлем чемпионы атанғанын жазған едік.

Сондай-ақ, Дулат Бекбауов бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды.

Санжар Тәшкенбай бұдан да биік шыңдарды бағындыратынын айтты.

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста Стивен Батлерді нокаутпен ұтты.


Соңғы жаңалықтар