Бүгін тағы бірнеше өңірде оқушылар онлайн оқып жатыр

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 қаңтарда бірқатар аймақта оқушылар үйден оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шығыс Қазақстан облысының бірнеше қалалары мен аудандарында: Өскемен қаласы мен Глубокое, Күршім, Ұлан аудандарында - 0-9 сынып, Риддерде бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан білім алады.

Павлодар мектептерінде мектепалды және 1-9 сынып оқушыларының бірінші ауысым сабақтары онлайн өтеді.

Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласындағы барлық мектепте ауа райына байланысты 1-9 сынып оқушылары бірінші ауысым сабақтарын үйден оқиды.

Қарағанды және Көкшетауда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші және екінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары мектепке бармайды.

Бұған дейін хабарланғандай, Астанадағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері бүгін онлайн оқиды.

Атырау және Ақтөбе облыстарында 10-11 қаңтар - екі күн бойы оқушылардың үйде қалатынын бұған дейін жазған болатынбыз.

11 қаңтар күні аяздың күшеюіне байланысты Абай облысының Семей қаласында бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары және колледждің I курс студенттері, Курчатов қаласы, Аягөз, Бесқарағай, Жарма, Көкпекті, Бородулиха, Ақсуат аудандарында 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.


Соңғы жаңалықтар