Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Бүгін Шымкентте қоғамдық көлікпен жүру – тегін

2022 жылғы 5 маусым 09:23

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Жалпыхалықтық референдумға орай бүгін Шымкент қаласында қоғамдық көліктер халыққа тегін қызмет көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5 маусым күні Шымкентте тұрғындар референдум учаскелеріне еш кедергісіз жетуі үшін барлық қоғамдық көлік күні бойы тегін қатынайды.

Халықтың да белсенділігі жоғары. Таңертең ертемен Шымкент қаласының жас отбасылары Еркебұлан мен Сабина ұлдары Елдармен бірге болашағы үшін өз таңдауын жасады.

Жасы 80-нен асқан қария Тельман Ахметжанов та дауыс беру үшін референдум учаскесіне алғашқылардың бірі болып келді.

«Ел болашығының жарқын болуы өзімізге байланысты», - деп білетін 82 жастағы Габдурашит Имбергенов те №13 референдум учаскесінде дауыс берді.

Айта кетейік, ең бірінші дауыс берушілерге референдум учаскелерінде түрлі сыйлықтар таратылып жатыр.


Автор:

Қайрат Зайнишев

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары