Бүгін Шымкентте ауа ластанады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Бүгін Шымкент қаласында ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда қаңтардың 28-і күні Шымкент қаласында ауа ластанып, қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Соңғы жаңалықтар