Бүгін «Шэньчжоу-14» қытайлық ғарыш кемесінің экипажы Жерге оралады

None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – «Шэньчжоу-14» ғарыш кемесі жексенбіде Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономиялық аймағында (ІМАА) далаға қонады. Бұл туралы басқарылатын ғарышқа ұшу бағдарламасының ҚХР басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Басқарманың хабарлауынша, барлық жоспарланған миссияларды аяқтаған қытайлық ғарышкерлер, «Шэньчжоу-14» ғарыш кемесінің экипаж мүшелері 4 желтоқсанда Жерге оралады. Экипаж ІМАА аумағындағы «Дунфэн» қону алаңына қонады.

3 желтоқсанда Қытайдың орбиталық станциясында қытайлық ғарышкерлер алғаш рет басқарылатын «Шэньчжоу» кемелерін айналдырды. Экипаждар ғарыш станциясының кілттерін берудің символдық рәсімін өткізді.

Қытай орталық телеарнасының (CCTV) хабарлауынша, «Шэньчжоу-16» ғарыш кемесі Қытайдың орбиталық станциясында апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге дайындалған.

«Шэньчжоу-16» ғарыш кемесін құрастыру және сынақтан өткізу жұмыстары аяқталды және апаттық-құтқару жұмыстары күтілуде, деп хабарлады CCTV.

Бұған дейін мәлім болғандай, 30 қарашада бортында үш ғарышкері бар «Шэньчжоу-15» ғарыш кемесі орбиталық станциямен түйіскен.

ҚХР-дың орбиталық станциясы шамамен 400 км биіктікте орналасқан және 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеуге арналған.

Фото: pbs.twimg.com


Соңғы жаңалықтар