Бүгін Рим кинофестивалінде Елбасы жайлы фильмнің тұсауы кесіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Рим кинофестивалінде Елбасы жайлы фильмнің тұсауы кесіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметінің жетекшісі Айдос Үкібай Twitter парақшасында мәлім етті.

«Бүгін Оливер Стоун Рим кинофестивалінде Елбасымен жасалған сұхбатқа негізделіп түсірілген «Qazaq. History of The Golden Man» фильмін таныстырады» деп жазды Айдос Үкібай.

Еске сала кетейік, «Оскар» сыйлығының 3 мәрте иегері, «Атын глобус» сыйлығының 5 мәрте иегері, атақты кинорежисер, продюсер, сценарист Оливер Стоунның продюсерлігімен жарық көрген «Qazaq. Алтын адам тарихы» атты фильмді түсіруге 19 ай кеткен.


Соңғы жаңалықтар