Бүгін республиканың оңтүстігінде үсік жүруі мүмкін

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 4 қазанда еліміздің төрт облысында үсік күтіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазгидромет-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе облысының солтүстік, шығыс, орталық бөлігінде түнде 3 градус үсік күтіледі.

4-6 қазан түндері Жамбыл облысының таулы аймақтарында 2 градус үсік жүреді.

4 қазанда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады.

Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аймақтарында шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.


Соңғы жаңалықтар