Бүгін республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі
2017 жылғы 27 наурыз 07:53

Бүгін республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 27 наурыз күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі.

Кей жерлерде тұман, көктайғақ және желдің күшеюі сақталады, солтүстік аймақтарда жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей аумақтарында тұман, түнде жекелеген жерлерде көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Маңғыстау, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады, Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Jańalyqtar

MURAǴAT