Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 359.00 EUR 420.10
RUB 5.41 CNY 52.38
Жаңалықтар

Футболдан Әлем чемпионатының ашылуын қайдан көруге болады

2018 жылғы 14 маусым 09:12 2982
Бөлісіңіз:
Футболдан Әлем чемпионатының ашылуын қайдан көруге болады

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Бұл, 14 маусым күні Ресей Федерациясында футболдан 21-інші Әлем чемпионатының ресми ашылуы өтеді. «Qazaqstan» телеарнасы шараны тікелей эфирден көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Франция футболшысы Әлем чемпионатындағы сыйақысын қайырымдылыққа берді Футболдан Әлем чемпионатына қанша қазақстандық барғаны белгілі болды

Чемпионаттың ашылу салтанаты Мәскеудегі «Лужники» стадионында өтеді. Оған FIFA президенті Джанни Инфантино, Ресей басшысы Владимир Путин, Қазақ­­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен өзге де бірнеше мемлекеттің басшылары қаты­сатыны күтілуде.

Әлемдік кіл мықты командалардың кездесуі 14 маусым - 15 шілде аралығында Ресейдің 11 қаласында өтеді, атап айтқанда, Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Сочи, Волгоград, Екатеринбург, Калининград, Нижний Новгород, Ростов-на-Дону, Самара және Саранск. Чемпионатқа әлемнің 32 үздік ұлттық құрамалары қатысады.

Айта кетейік, Ресей өз тарихында тұңғыш рет Әлем чемпионатын ұйымдастыру мүмкіндігіне ие болды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандықтар FIFA- 2018 ойындарының ашылу салтанаты (астана уақытымен 20.30) мен чемпионаттың Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы (астана уақытымен 21.00) алғашқы матчын «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей көре алады. Ал Астана тұрғындары мен қонақтары үшін оны ашық аспан астында - «Қазмедиа» орталығының үлкен экранынан тамашалау мүмкіндігі бар.

Әлемдік дода аясында өтетін 60-тан астам матчты «Qazaqstan» мен «Qazsport» арналары түгелдей тікелей эфирден көрсететін болады. Айта кетерлігі, футболдан Әлем чемпионатының 1/8 финалы 30 маусым күні, ал қазақстандықтар Астана күнін тойлап жататын 6 шілде күні - ширек финал басталады. Жартылай финал 10-шы және 11-ші шілде күндері, финал 15 шілде күні өтеді.

 

 

 


Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат