Бүгін Премьер-Министр Алматыда өтіп жатқан экономикалық форумға қатысады

None
Фото: primeminister.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Алматыда өтіп жатқан «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» екінші экономикалық форумына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкіметтің ресми сайтының жазуынша, форумның панельдік сессиялары аясында екі өңірдің экономикалық қарым-қатынасын нығайтудың өзекті мәселелері талқыланып жатыр. Олардың ішінде:

кәсіпкерлер арасындағы сауда байланыстарын дамыту;

мультимодальды жүк тасымалдарын жүзеге асыру;

сауда маршруттарының инфрақұрылымын жаңғырту;

коммерциялық операцияларды жүргізу саласында цифрлық шешімдерді енгізу;

мемлекеттік реттеу және т.б. бар.

Жоғары деңгейдегі сессияға Қырғызстан, Тәжікстан премьер-министрлері, Түрікменстан және Өзбекстан үкіметтерінің ресми өкілдері, Еурокомиссия, Еуропа елдері мемлекеттік органдарының және халықаралық қаржы ұйымдарының басшылары, іскер топ өкілдері және т.б. қатысады деп күтілуде.

Форум аясында Қазақстан Үкіметінің басшысы бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.


Соңғы жаңалықтар