Бүгін павлодарлық қариялар трамвайда тегін жүреді

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгінгі қарттар күнінде егде жастағы өңір тұрғындарына осындай мүмкіндік берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews ресурсына сілтеме жасап.

Павлодар қаласы трамвай басқармасының мәлімдеуінше, трамвай қызметкерлері жолаушыларға тосынсый жасаған.

- 1 қазан - халықаралық қарттар күні қарсаңында Д.Махмудов атындағы Павлодар қаласының трамвай басқармасы жасы үлкен жолаушыларымызға сыйлық тарту етті. Сіздерге бақытты да ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілейміз, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 1 қазан күні елімізде қарттар күні аталып өтеді. Халықаралық қарттар күні - 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясында бекітіліп, жарияланды.

Оның аясында қарттарға құрмет көрсетіліп, түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылады.



Соңғы жаңалықтар