Бүгін Павлодарда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның 1 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып ауаластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2022 жылғы 20 қаңтарда Павлодар қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілуде»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




Соңғы жаңалықтар