+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Бүгін Отан қорғаушы күні

2019 жылғы 7 мамыр 00:23
Бөлісіңіз:
Бүгін Отан қорғаушы күні

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1992 жылы 7 мамырда Мемлекеттік қорғаныс комитеті ҚР Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Дәл осы күні ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Қарулы күштері құрылды.

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні. Мереке қарсаңында Мемлекет басшысы, ҚР Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери шендер беру туралы Жарлыққа қол қойып, ерекше көзге түскен әскери қызметкерлерді марапаттады.

Тарихқа үңілсек,1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ ССР-ның мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейін ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және Тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы күштер өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып, генерал-полковник Сағадат Нұрмағанбетов тағайындалды.

Бұл күн - Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылған күні болғандықтан жыл сайын «7 мамыр Отан қорғаушы күні» ретінде тойланып келеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әскер,
Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT