Бүгін Өскеменнен Алматыға ұшуы тиіс ұшақ бір тәулікке кешігіп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін орындалуы тиіс Өскемен - Алматы бағытындағы FlyArystan әуекомпаниясының рейсі шамамен бір тәулікке кешігеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«30 мамыр күні сағат 13:15-те орындалуы тиіс КC7172 Өскемен - Алматы рейсі өндірістік қажеттілікке байланысты кешіктірілді. Рейс 31 мамыр сағат 10:00-да ұшады деп жоспарланып отыр. Оған Өскемен қаласындағы әуежайдың түнгі уақытта жұмыс істемеуі себеп болды», - делінген компанияның Telegram арнасында жарияланған хабарламада.

FlyArystan-нан мәлімдегендей, өндірістік олқылықты жою үшін ең жақын рейспен Өскеменге инженер маман жіберілмек.

«Бұл рейстің жолаушылары қонақ үйге орналастырылады. Оған дейін көлік ұйымдастырылған. Сусындар мен ыстық тамақ сол жерде беріледі», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, заң талабы бойынша рейс 2 сағаттан артық кешіктірілген кезде жолаушыларға сусындар, 5 минуттан аспайтын 2 телефон қоңырауын немесе 2 электронды пошта хабарламасын жолдау мүмкіндігі ұсынылады.

Ал 4 сағаттан артық кешіктірілгенде ыстық тамақ беріледі.

5 сағаттан аса кешіктіргенде бір рет тегін әуе билетінің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылады.


Соңғы жаңалықтар