Бүгін Нұр-Сұлтанға үш рейспен 274 адам келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы тәулікте елордаға тағы 3 рейспен 274 адам келді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен тәулікте Нұр-Cұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерігерінің шешімімен 2 нысан мен 1 жатақхана карантинге жабылды. Сондай-ақ, елордаға халықаралық әуежай арқылы келгендерді оқшаулар жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы кезге дейін 18 рейспен жұмыс істедік. Соңғы тәулікте тағы 3 рейспен 274 адам келді. Олардан зертханалық тексеру үшін сынама алынды. Нәтижесін күтудеміз. Бүгін тағы 4 рейс келеді деп күтілуде»- дейді Сәуле Қисықова Хабар24 арнасында өткен онлайн брифингте.


Соңғы жаңалықтар