Бүгін Нұр-Сұлтан мен Алматыда ауа ластанады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2022 жылғы 19 тамызда Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген хабарламада.

Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар