Бүгін мен үшін қос мереке – Конституция күні дүниеге келген өрт сөндіруші

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Конституция күнінде туған үш ТЖД қызметкері бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскемендегі №4 өрт сөндіру бөлімінің жас жүргізушісі Әділ Мұратұлы үшін бүгін қос мереке. Себебі ол Конституция қабылданған күні жарық дүние есігін ашқан.

«Ата Заңымыздың қабылдануы халқымыздың құқықтарын бекітті. Бұл күні туғанымды мақтан тұтамын. Мен өрт сөндіруші мамандығын таңдадым. Себебі құтқарушылар өз өмірлерін қатерге тігіп, басқа адамдарға көмекке ұмтылады», - дейді ол.

Ондаған өрттерді сөндірген Дидар Әшімхан Шемонайха қаласындағы №27 өрт сөндіру бөлімінде тер төгіп жүр. Ол да Конституция күнінде дүниеге келген.

«Елімізде өзіміз қалаған білімді алып, сүйікті салаңа бет бұруға барлық мүмкіндік жасалған. Өзім осы мамандықты таңдағаныма өкінбеймін. Барша қазақстандықтарды Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!», - дейді Дидар Әшімхан.

Оның әйелі Назым да төтенше жағдайлар жүйесінде инженер болып жұмыс істейді.

Ал Шыңғыс Смағұлов облыста өзінің ерлігімен талай танылған. Өткен жылы ол балконнан құлайын деп тұрған әйелді құтқарды.

«Ата Заңның арқасында елде тыныштық, береке-бірлік сақталады. Заңды бұзбай, дұрыс жүру әрқайсымызға байланысты. Біз жастар мемлекетіміздің болашағы үшін еңбектеніп, оның дамуы мен өркендеуі үшін атсалысуым қажет», - дейді Шыңғыс.


Соңғы жаңалықтар