Бүгін - Мемлекеттік қызметші күні

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанда бесінші рет Мемлекеттік қызметші күні аталып өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл атаулы күннің тарихы Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастау алады.

2002 жылдың 20 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 23 маусымды БҰҰ-ның мемлекеттік қызметшісі күні деп жариялау қарарын қабылдап, оған мүше әр мемлекетті де осыған байланысты бір күнді белгілеуге шақырды.

2013 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің №716 Қаулысымен 23 маусым - Мемлекеттік қызметші күні болып бекітілді.

Бүгінгі таңда елімізде 98 мыңға жуық мемлекеттік қызметші табысты еңбек етіп жүр.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сарапшыларының бағалауы бойынша, Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесі жаһандық стандарттарға сай келеді, ал мемлекеттік аппараттың «қартаюы» және гендерлік теңсіздік көрсеткіштері жөнінен ілгерілеушілік байқалады.

2015 жылдан бері Қазақстандағы кадрлардың ауысуы екі есеге қысқарған (2015 жылы 11,2%, 2017 жылы - 6,2%). Бақылаушылар мен сарапшылар институтының арқасында іріктеу барысы анағұрлым ашық және транспарентті бола түскен. Сондай-ақ, Қазақстанда мансаптық жолда өскен мемлекеттік қызметшілер саны 4 есеге артқан.

Кеше Астанада «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсының жеңімпаздары марапатталды. Конкурстың ең жас жеңімпазы 24 жаста болса, ең үлкені - 53 жаста.

Соңғы жаңалықтар