Бүгін Мәскеуде қазақстандық екі боксшының титулдық айқастары өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеудегі «Крылья Советов» спорт кешенінде қазақстандық боксшылар Айдос Ербосынұлы мен Нұрсұлтан Жаңабаевтың қатысуымен кәсіби бокс кеші өтеді. Бұл туралы Facebook-те «Қазақстанның кәсіби боксы» тобы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бокс кешінің басты оқиғасы - WBO Global және WBC Asia белбеулері үшін айқас. Оған «SULEIMEN promotions» атыраулық промоутерлік компаниясының атынан екі қазақстандық боксшы үміткер. Осы компания кештің тең ұйымдастырушыларының бірі.

Айқастың алдында қарсыластар арасында көз арбасу және дәстүрлі салмақ өлшеу рәсімі өтті. Жеңіліп көрмеген нокаутшы Айдос Ербосынұлы WBO GLOBAL титулы үшін бельгиялық Илиас Ачергуимен кездессе, Нұрсұлтан Жаңабаев WBC ASIA титулы үшін филиппиндік Арнелмен айқасады.

Соңғы жаңалықтар