Бүгін Мәскеуде ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің бірінші отырысы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ елдері үкіметтерінің басшылары интеграция, нормативтік-құқықтық базаның дамуы және топтаманың қызметі бойынша бірқатар нақты жобалардың іске асырылуын талқылайды.

Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің бірінші отырысы жұма күні Мәскеуде өтеді, деп жазады РИА Новости.

Шараға Қазақстан, Ресей, Беларусь (1 қаңтардан бастап төрағалық ететін ел), Армения және Қырғызстан елдерінің үкімет басшылары қатысады.

ЕАЭО-ны құру жиынтық ЖІӨ ТМД жалпы өнімінің 85 пайызын құраған бұрынғы Кедендік одақ елдерінің қатысушыларын интеграцияның одан да жоғары деңгейіне шығарады. Осылайша, ТМД кеңістігіндегі (170 миллион адам) экономикалық дамудың жаңа қуатты орталығына айналатын ірі жалпы нарықтың қалыптасуы аяқталады.

Сондай-ақ отырыста Қырғызстанның ЕАЭО-қа қосылуы мәселесіне баса көңіл бөлінеді.

Бұдан басқа, үкімет басшылары ЕАЭО елдеріндегі сала кәсіпорындарының арасында өзара әрекеттесудің мүмкіндіктерін кеңейтіп, одақ аумағында шығарылатын білдек жасау жабдықтарының инновациялық қолданылуы арқылы өнеркәсіп өндірістерінің жаңғыртылуына септігін тигізетін білдек жасау бойынша Еуразиялық инжиниригтік орталығын құрудың тәжірибелік аспектілерін талқылайды.

Отырысқа қатысушылардың сондай-ақ ЕАЭО желісі бойынша халықаралық ынтымақтастықты, соның ішінде одақтың негізгі сауда серіктестерімен бірге сауда-экономикалық өзара әрекеттестіктің басымдық бағыттарын талқылайтыны күтілуде.

Соңғы жаңалықтар