+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Бүгін машина жасау күні

2021 жылғы 26 қыркүйек 08:32
Бөлісіңіз:
Бүгін машина жасау күні

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елімізде машина жасау күні аталып өтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл атаулы күн қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Кәсіби мереке алғаш рет 1981 жылы, КСРО кезінде тойланған. Кеңес одағы тарағаннан кейін бұл мерекені Беларусь, Қырғызстан, Ресей де өз күнтізбелерінде қалдырды.

2017 жылғы 31 қазанда сол кездегі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкіметінің № 689 қаулысына қол қойды. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» аталған қаулыда қыркүйектің соңғы жексенбісі Машина жасаушы күні ретінде бекітілген.

Айта кетейік, осы жылдың 8 айында елімізде машина жасау көлемі өткен жылмен салыстырғанда 24 пайызға өсіп, 1,4 трлн теңгені құрады. Жыл соңына дейін бұл сома 2 трлн теңгеден асып түседі деген болжам бар. Бүгінде елімізде 3 мыңнан астам машина жасайтын кәсіпорын бар және онда 119 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Жалпы, аталған саланы индустрияландырудың соңғы 10 жылында 400 млрд теңгенің 135 жобасы жүзеге асырылды. 2025 жылға дейін 160 млрд теңгеге тағы 14 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT