Бүгін Мадридте БҰҰ-ның климат жөніндегі 25 конференциясы басталады

None
None
МАДРИД. ҚазАқпарат – Мадрид жоғары деңгейдегі кездесуді өткізуге қызу дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com-ға сілтеме жасап.

Испания астанасында 2 -13 желтоқсан аралығында климаттың өзгеруіне байланысты «БҰҰ» климат өзгерiстерi жайындағы рамалық конвенциясы конференциясының 25 сессиясы өтеді.

Алдында Чилиде өтуі тиіс болған саммитке 196 елдің делегациясы қатысады деп күтілуде. Олардың ішінде 50-ге жуық мемлекеттің басшылары бар.

Айта кетер жайт, Испаниядағы алқалы жиын Чилидің төрағалымен өтпек. Испания Экология министрі Терес Рибер: «Таяу уақытта конференция өткізілетін орын Испания территориясы емес, БҰҰ мен Чили аумағына айналады. Климатты қорғауға белсене кірісетін кез келіп жетті»,-деп атап өтті.

Келіссөздердің басталуынан бір апта бұрын БҰҰ сарапшылары баяндамаларын жария еткен болатын. Онда Жер бетіндегі парниктік газдар жиынтығының рекордтық деңгейге көтерілгендігі, Париждегі климат жөніндегі келісімде қабылданған міндеттемеге қарамастан өнеркәсіптің өсу қарқыны төмендемей отырғандығы көрсетілген еді.

Соңғы жаңалықтар