Бүгін Конференция лигасының финалында «Фиорентина» мен «Вест Хэм Юнайтед» кездеседі

None
Фото: Gabriele Maltinti/Getty Images
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мамырдың 7-нен 8-не қараған түні футболдан UEFA Конференция лигасының финалы өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл күні «Фиорентина» (Италия) мен «Вест Хэм Юнайтед» (Англия) кездеседі.

Кездесу елорда уақытымен 00:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ойында испаниялық Карлос Дель Серро Гранде бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Пау Себриан Девис пен Гвадалупе Поррас Аюсо көмекшілік жасайды.

Қосалқы төреші де - испаниялық Хесус Хиль Мансано.

Екі команда өз тарихында тұңғыш рет кездесіп отыр.

Қазірге дейін аталған жарыстың топтық кезеңінде «Фиорентина» А тобында Латвияның РФШ (1:1, 0:3), Түркияның «Истанбул Башакшехир» (0:3 2:1), Шотландияның «Хартс» (3:0, 5:1) командаларымен кездесті.

Одан кейін Португалияның «Спортинг Брага», Түркияның «Сивасспор», Польшаның «Лех», Швейцарияның «Базель» командаларын қапы қалдырып кетті.

Ал «Вест Хэм Юнайтед» топтық кезеңде В тобында «Андерлехт» (Бельгия), «Силькеборг (Дания), ФКСБ (Румыния) клубтарымен сынға түсті.

Одан кейін Грекияның АЕК, Бельгияның «Гент», Нидерландтың «АЗ Алкмаар» клубтарынан басым түсті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Алтын доп» иегері Карим Бензема «Реал Мадрид» клубынан кеткен болатын.


Соңғы жаңалықтар