Бүгін қазақтың қос ғарышкерінің туған күні

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 27 шілдеде қазақстандық екі ғарышкердің туған күні, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Совет Одағының Батыры, КСРО ұшқыш-ғарышкері, Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері, Қазақстан Республикалық Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 74-ке толса, Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері, Қазақстанның Халық қаһарманы Айдын Айымбетов 48 жасқа келіп отыр.

Ғарышкердің екеуі де бір күні - 27 шілдеде дүниеге келген. Екеуі де Армавир жоғары әскери авиация мектебін бітіріп, әскери ұшқыш, кейінірек ғарышкер атанды. Екеуі де ғарышқа 2-сі күні ұшты. Бірақ ай жағынан (қыркүйек пен қазан) айырмашылық бар. Екеуінің де экипаждарының командирлерінің тегі Волков еді. Әубәкіровтың командирі кеңес ғарышкері Александр Волков болса, Айымбетов ұшқан уақытта Александрдың ұлы - ресейлік ғарышкер Сергей Волков командир болған.


Еске сала кетсек Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы қаза айының 2-10 аралығында «Мир» орбиталық кешеніне экспедицияның ғарышкер-зерттеушісі ретінде ғарышқа ұшқан болатын. «Союз ТМ-13» ғарыш кемесі Александр Волковпен және Франц Фибекпен (Австрия) бірге ғарышқа көтерілді. «Мир» станциясында ол Анатолий Арцебарский және Сергей Крикалевпен бірге жұмыс істеді. Орбитада ол алғашқы қазақстандық ғарыштық бағдарлама бойынша тәжірибелерді өткізді. «Союз ТМ-12» ғарыш кемесіне Анатолий Арцебарский мен Франц Фибекпен (Австрия) қонды. Ұшу ұзақтығы 7 күн 22 сағат 12 минут 40 секунд болды.


Ал Айдын Айымбетов «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің борт инженері ретінде 2015 жылдың 2-ші қыркүйегінен 12-сіне дейінгі аралықта ұшты. Экипаж құрамында ғарыш кемесінің командирі, ресейлік Сергей Волков және Дания корольдігінің астронавты Андрес Могенсен бар еді. Ұшу ұзақтығы 9 күн 20 сағат 13 минут 51 секунд болды.


Жалпы бұл ғарышкерлердің екі туған күні бар екенін атап өту керек. Әрбір ғарышкер туған күнінен бөлек, ғарышқа көтерілген күнді – екінші туған күні ретінде атап өтеді.

Тоқтар Оңғарбайұлы қазіргі уақытта зейнетте. Ал Айдын Ақанұлы заманға сай ғарыш технологияларын құрайтын «Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясында лауазымды басшы ретінде Қазақстанның ғарыш саласын құру миссиясын атқарып келеді.
Соңғы жаңалықтар