Бүгін Қазақстанның төрт облысында қатты ыстық болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. Синоптиктер Қазақстан бойынша 5 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, орталықта және оңтүстіктің таулы аймақтарында – қатты жаңбыр жауады, ол күн күркіреп, екпінді желмен жүреді, тек Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

«Қазгидромет» РМК болжамынша, р еспубликаның солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Оңтүстікте, шығыста, Қарағандының орталығында, күндіз Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады.

Күндіз Атырау, Жетісу, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорданың басым бөлігінде, оңтүстікте, Түркістанның шығысында, Атыраудың оңтүстігінде, Абай облыстарында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Соңғы жаңалықтар