Бүгін Қазақстанның оңтүстік бөлігінде жауын-шашын болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Елдің оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөлігінің кей жерлерінде жауын-шашын болып, тек оңтүстік-батыста жауын жаумайды. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады.

Жамбыл  облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с болады, облыстың оңтүстік-батысында  30 м/с және одан да асады.

Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, Шығыс Қазақстан облысында жел екпіні 25 м/с болады.

Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.

Атырау, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар