Бүгін Қазақстанның екі қаласында ауа ластанады

2023 жылғы 17 наурыз, 04:00
Бүгін Қазақстанның екі қаласында ауа ластанады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Астана мен Ақтөбеде жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2023 жылғы 17 наурызда Ақтөбе және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Ұқсас жаңалықтар
Теги:
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar