USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Бүгін Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

2021 жылғы 7 желтоқсан 07:38
Бөлісіңіз:
Бүгін Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның көптеген қалаларында метеорологиялық жағдай қолайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 7 желтоқсан күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Ақтау, Атырау, Балқаш, Жезқазған және Шымкент қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT