Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, тұман түседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста жаңбыр жауып, найзағаймен ойнайды деп күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, екпінді жел  соғады.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Жамбыл облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, күндіз желдің екпіні 23 м/с-ға дейін күшеюі ықтимал, кей жерлерінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, күндіз желдің екпіні 25 м/с, түнде кей жерлерінде тұман түседі.

Ақмола, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген аудандарында найзағай күтіледі.

Ақтөбе, Қарағанды, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар