Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады - Қазгидромет
2023 жылғы 18 наурыз, 06:00

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК-сы 18-ші наурыздағы күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, атлантикалық циклон жырасының әсерінен еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады.
Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады.
ҚР бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, еліміздің оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.
Теги:
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP