Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде боран соғады - Қазгидромет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 желтоқсанында Қазақстанның басым бөлігінде ауа ағынының өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталып, кейбір жерлерде жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасынды желдің күшеюі, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-нан хабарланды.

Қостанай облысында желдің күші 15-20 м/с дейін жетіп, бұрқасын болады.

Қарағанды облысында түнде кейбір жерлерде, күндіз көп бөлігінде желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, жел екпінінің 25 м/с дейін жетеді, кейбір жерлерде бұрқасын болуы күтіледі.

Павлодар облысының кейбір жерлерінде бұрқасын болып, күндіз желдің екпіні 17-22 м/с дейін жетеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде бұрқасын болып, жел (15-20 м/с) тұрады.

Атырау облысының жер-жерлерінде бұрқасын болып, желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы күтіледі. Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кейбір жерлерінде жел (15-20 м/с) тұрып, тұман түседі. Алматы облысының кейбір жерлерінде түнде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде. Қызылорда облысының жер-жерлерінде жел (15-20 м/с) соғады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Жақын тәуліктерде Қазақстанның көптеген су нысандарында мұз қату жалғасады. Сырдария өзенінде, республиканың оңтүстік-шығыс және шығысындағы жекелеген өзендерде сеңнің тоқтауы, су деңгейінің көтерілуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар